Мультивалюталық карта

Интернет арқылы сауда жасаңыз және шетелде валюта айырбастаусыз, тиімді бағам бойынша есеп айырысыңыз

Мультивалюталық карта
Тінтуірдің дөңгелегін айналдырыңыз тяните вверх

Тамаша мультивалюталық карта

Теңге, рубль, доллар, еуро және фунт оһо!

Барлығы түсінікті,

бірден тапсырыс бергім келеді

Бір картада бес валюта

Валюта айырбастау қажет емес: біздің картамен шетелде және интернетте есеп айырысу тиімді

Фунт — бұл керемет!

Картаға тапсырыс беру

Қосымшада картаны
басқару

Банктің мобильді қосымшасында ақшаңызды бір валютадан басқа валютаға бірден ауыстыра аласыз

Шынымен соншалықты оп-оңай ма?

Тапсырыс беру және тексеру

Сақтандыру сыйлыққа

Шетелге барушылар үшін әрбір картамен бірге сақтандыру ұсынылады

Картаға тапсырыс беру

және демалысқа барамын!

Forte картасын пайдалану шарттары

Тарифтер ForteGold

Абоненттік төлем

2 000
теңге/ай

Жылына есептеу

Теңгеде теңгерімде 5%

Валюталар жиынтығы

Теңге, АҚШ доллары, Еуро, Рубль, Фунт

Тегін

  • Карта шығару

    Карта шығару

  • Ақшаны картаға есептеу

    Ақшаны картаға есептеу

  • Тауарлар мен қызметтер үшін ақы төлеу

    Тауарлар мен қызметтер үшін ақы төлеу

  • SMS-хабарландыру

    SMS-хабарландыру

  • Балансты банкоматта тексеру

    Балансты банкоматта тексеру

  • Шұғыл түрде карта жасау

    Шұғыл түрде карта жасау

Қосымша

ForteBank банкоматтарынан ақша алу

ForteBank - тегін

айына 3 000 000 теңгеге дейін, одан әрі - 0,5%

Кредит лимиті

2 000 000 теңгеге дейін

Басқа банктер - 0,5%

айына 3 000 000 теңгеге дейін, одан әрі - 1,5%

Қосымша карта

Ай сайынғы төлем 1000 теңге

ЖҚЕ айыппұлдарын төлеу

Сауда ақысын төлеңіз де, төлем сомасынан 1,2 % дейін қайтарып алыңыз  (CashBack). 

Банк серіктестерінің желісінде картамен төлеу арқылы 15% дейін жоғарлатылған  CashBack алуға болады.

CashBack-ті өз қалауыңызша жұмсауға болады - ақшаны кез келген банктің банкоматынан алыңыз, дүкенде, интернетте төлеңіз, картада сақтаңыз, бұл кәдімгі ақша. Серіктестер желісінде CashBack сомасы шектелмеген, басқа жағдайларда айына 100 000 теңгеден аспауы тиіс.

 

Қазақстанның және әлемнің басқа банктеріндегі  pos-терминалдарында төлеу кезінде алынатын  CashBack мөлшері қолма-қол ақшасыз сауда жасалған жердегі қызмет көрсету желісіне және комерсант санатының кодына (МСС) байланысты.

Жанасусыз төлемдер

Visa PayWave/MasterCard PayPass карточкалары сауда және сервис бөлімшелерінде NFC (Near field communication - "жанасусыз жақын байланыс") жанасусыз төлемдер инновациялық технологиясының көмегімен жанасу арқылы сауда/қызмет ақысын ыңғайлы және жылдам төлеу мүмкіндігін ұсынады. Сауда ақысын бір рет қол қимылын жасап қана төлеуге болады. Visa PayWave/MasterCard PayPass логотипі бар терминалға карточканы жанастыру жеткілікті. 5 000 теңгеге дейінгі аз сомаға сауда жасау кезінде операция PIN-кодты енгізусіз немесе чекке қол қоюсыз жүзеге асырылады. Егер төлем сомасы 5 000 теңгеден артық болса, онда төлем жасау Visa/MasterCard карточкасын кассирға беру арқылы, жанасу төлемінің стандартты сценарийі бойынша және POS-терминалға PIN-кодты енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Тауарлар мен қызметтер ақысын Visa PayWave/MasterCard PayPass карточкасымен төлеудің даусыз артықшылықтары:

Қолайлылық
Visa PayWave/MasterCard PayPass карточкасы бойынша төлем жасау жанасусыз төлемдердің арнайы белгісі бар терминалға бір-ақ рет жанасу арқылы жүргізіледі.
Жылдамдық
Visa PayWave/MasterCard PayPass карточкасымен Сіз сауда ақысын айтарлықтай жылдам төлей аласыз! Жаңа технологияның арқасында төлем лезде жасалады. Төлем жасау қарапайым карточкаларға қарағанда 3 есе жылдам жүргізіледі.
Қауіпсіздік
Visa PayWave/MasterCard PayPass карточкалары да басқа Visa/MasterCard чиптік карточкалары сияқты қауіпсіз және сол көп деңгейлі қорғау жүйесімен жабдықталған. Олар карточка терминалдан 4 см қашықтықта орналасқан жағдайда ғана жұмыс істейді, ал PayWave/ PayPass терминалы бір уақытта бір ғана транзакцияны өндей алады. Транзакция кезінде Visa PayWave/MasterCard PayPass карточкасы қолыңызда болатындықтан, ол үнемі Сіздің бақылауыңызда болады.

Қалай қолданылады?

1-қадам. Сауда орнында Visa/MasterCard логотипін және жанасусыз төлемдер белгісін тауып алыңыз.

2-қадам. Кассирге төлемді Visa PayWave/MasterCard PayPass арқылы жасағыңыз келетіндігі туралы айтыңыз. Кассир терминалға сауда сомасын енгізеді және ол Visa/MasterCard терминалында көрсетіледі.

3-қадам. Көк түсті индикатар сөніп-жанып тұрғанда, карточкаңызды терминалдағы жанасусыз төлем белгісіне жақындатыңыз (4 см алшақ емес).

4-қадам. Сары түсті индикатор карточканың оқылып және өнделіп жатқандығын бідіреді. Сары түсті индикатор жанып тұрғанда, карточкаңызды алмаңыз.

5-қадам. Транзакция аяқталған соң жасыл түсті индикатор жанады. Енді карточкаңызды алуға болады. Чек шығарып беруді талап етуіңізге болады, алайда бұл міндетті емес.

Қол қою немесе PIN-код енгізу қажет емес.

3-D Secure

Verified by Visa/MasterCard SecureCode қызметімен интернет-төлемдердің қауіпсіздігі

Verified by Visa MasterCard SecureCode

Verified by Visa/MasteCard SecureCode Интернетте сауда жасау кезінде қосымша қауіпсіздікті ұсынатын қызмет. Verified by Visa/MasterCard SecureCode қызметінің қауіпсіздік жүйесінің негізінде 3-D Secure технологиясы жатыр, ол карточка иесінің оған ғана мәлім арнайы құпиясөздің көмегімен интернет-төлемдер жүргізуі кезінде оны сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Қызметті қосу және қолдану оп-оңай:

  1. ForteCard карточкасын ұстаушылардың барлығы автоматты түрде сервиске қосылған.
  2. Банктің кез келген бөлімшесіне жүгіну немесе +7 (727) 2583 555 телефон нөмірі бойынша Байланыс орталығына қоңырау соғу (тәулік бойы).
  3. Клиент Verified by Visa/MasterCard SecureCode қызметі көрсетілетін интернет-дүкенде төлем жасаған сайын өзінің мобильді телефонының нөміріне SMS түрінде келген құпиясөзді Банктің қорғалған интернет-парақшасына енгізуі керек. «ForteBank» АҚ онлайн режимде енгізілген құпиясөзді тексереді және төлем жасау үшін тексеріс нәтижесін интернет-дүкенге хабарлайды.

Интернет-дүкеннің бастапқы бетінде Verified by Visa/MasterCard SecureCode логотипінің болуы интернет-дүкен Verified by Visa/MasterCard SecureCode қызметін көрсететіндігін және Visa/MasterCard карточкалары бойынша қауіпсіз есептерді қамтамасыз ететіндігін назарға алуыңызды сұраймыз.

* тәуліктік лимитті 10 000 000 KZT/30 000 USD/ 25 000 EURO / 22 000 GBP/ 1 750 000 RUB дейін өзгертуді Contact Center бағытының қызметкері белгілейді

** клиент өтінішімен Банк филиалына жүгінгенде

*** банк кассаларында орнатылған банкоматтар мен POS-терминалдардан ақша алу

**** "ForteBank" АҚ айналысқа шығарған мультивалюталық карточкаларды қолданумен жасалатын операцияларға қойылатын шектеулер KZT валютасынада белгіленеді (1-т. қоспағанда)

 

Алдымен қосымша төлем карточкасы бойынша әдепкі қалыптағы лимиттер белгіленеді. Айына бір қосымша төлем карточкасы бойынша жалпы ақша жұмсау лимитін белгілеу кезінде қосымша төлем карточкасы бойынша басқа лимиттерді де түзету керек.

Часто задаваемые вопросы

Карточка белсенді емес болып шығарылады, оны карточка ұстаушының өзі қолдану үшін белсендіреді.
Бұл үшін бірінші операцияны Қазақстан Республикасының территориясындағы кез келген банкоматта ПИН-кодты енгізу арқылы жүргізу керек, мысалы, балансты тексеру, мобильді телефонға ақша салу немесе қолма-қол ақша алу.

Е-ПИН – бұл ПИН-кодты өздігінен белгілеудің қауіпсіз тәсілі.

  • карточканы ForteBank банкоматының қабылдағышына салыңыз;
  • сіздің мобильді телефоныңызға 4 таңбалы кодпен SMS келеді;
  • 3 минут ішінде алынған кодты енгізіңіз;
  • ПИН-код ойлап табыңыз және оны енгізіңіз. ПИН-кодыңызды қайта растаңыз.

Қауіпсіздік мақсатында Банк SMS арқылы келген біржолғы кодты жеке ПИН-код ретінде қолданбауды ұсынады.

  • төлем карточкасын ресімдеу кезінде өтінішіңізде көрсеткен мобильді телефоныңыздан Байланыс орталығының қысқа нөмірі - 7575 теріңіз;
  • тілдесу тілін таңдаңыз және дыбыстық нұсқаулықты қолданыңыз;
  • ПИН-кодты белгілеу үшін 5 санын басыңыз;
  • карточкаңыздың соңғы 4 санын енгізіңіз;
  • жүйе сұратымынан кейін 4 таңбалы ПИН-код ойлап табыңыз және оны енгізіңіз;
  • растау үшін ПИН-кодты қайта енгізіңіз.

Сіздің мобильді телефоныңызға ПИН-кодтың сәтті орнатылғандығы туралы хабарлама келеді.

ПИН-код сәтті орнатылғаннан кейін карточкаңызды белсендіру қажет.

Карточканы белсендіру үшін бірінші операцияны (қолма-қол ақша алу/балансты тексеру) кез келген банктің банкоматы арқылы жүргізу керек.

Әрине. Карточкалық шот валютасына тәуелсіз Сіз карточкаңызды әлем бойынша қолдана аласыз: сауда жасау, қызмет ақысын төлеу, қолма-қол ақша алу.

Қолма-қол ақшаны Сіз қай елде болсаңыз, сол елдің валютасында аласыз. Яғни, Қазақстанда - теңгеде, АҚШ-та - долларда, Италияда - еурода. Айырбастау бағамын төлем жүйеніңіздің есеп айырысу орталығы автоматты түрде таңдайды.

  • Банктің кез келген бөлімшесінде;
  • Басқа картадан ақша аудару арқылы;
  • Банктің терминалдары арқылы;
  • Cash in функциясы бар банкоматтар арқылы.

Кез келген адам қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз Сіздің карточкалық шотыңызды толықтыра алады.

  • Мобильді және Интернет Банкинг;
  • Кез келген Банктің банкоматы;
  • Соңғы SMS.

Сіз ForteBank карточкасын ұстаушы бола отырып, өз туыстарыңызға қосымша карточкалар аша аласыз, осылайша Өз карточкалық шотыңызға өту мүмкіндігін бересіз. Мобильді және Интернет Банкинг көмегімен қосымша карточкалар үшін белгілі бір кезеңде (күн, апта, ай) жүргізілетін операциялардың саны мен сомасына шектеулер белгілей аласыз.

  • Мобильді және Интернет Банкингтің оң жағындағы үстіңгі бұрышындағы "Карт-шот" бөлімінен.... таңдалған карточка баптауында:

    Мәтіннің соңында "Қосымша карта шығару" ұсынылады, бұл жерде сіз өз атыңызға ғана қосымша карта шығара аласыз;
  • Банк бөлімшесінде Өтінішке сәйкес, өз атыңызға да, үшінші тұлғаның атына да шығаруға болады

Мобильді және Интернет Банкингтегі "Карт-шот" бөлімінің оң жақ үстіңгі бұрышындағы «***» таңдалған карточканың баптауында.



Лимиттерді Банк сайтының "Лимиттер" бөлімінде әр карточкалар пакеті бойынша көрсетілген және рұқсат етілген ең жоғарғы мәнге дейін өзгерте аласыз.

Сіз банкоматы карточкаңызды ұстап қалған Банкке жүгінуіңіз керек. Қағида бойынша, карточка ұстаушының жеке басын анықтағаннан кейін, карточка заңды иесіне қайтарылады.

Әр төлем карточкасы - атаулы, онда оны ұстаушының аты-жөні көрсетіледі. Төлем карточкасын бөтен адамдардың қолдануына тыйым салынады. Әйтпесе ол одан алынып, заңды иесіне қайтарылады.

Жоқ, егер Сіз карточкаңызды бұғаттап тастасаңыз:

  • Өзіңіз Мобильді және Интернет Банкинг арқылы "Карт-шот" бөлімінің оң жақ үстіңгі бұрышындағы «***» карточкаңыздың баптауында. Мәтіннің соңында "Картаны бұғаттау" ұсынылады;
  • 7575 нөмірі бойынша Байланыс орталығына қоңырау соғу арқылы.

Сіздің жазбаша өтінішіңіз негізінде Банк карточкаңызды қайта шығарады.

Карточкаңызды қайта шығару үшін Банкке жүгінуіңіз керек.

Карточка - бұл карточкалық шотқа өту құралы, ал карточкалық шот - карточкалық операциялар жүргізілетін банктік шот.

Карточкалық шот теңгеде, АҚШ долларында немесе еурода жүргізілуі мүмкін. Карточкалық шотты жүргізу валютасы Сіздің қалауыңызға байланысты.

теңгеде, долларда, еурода, фунт стерлингте, ресейлік рубльде.

қолма-қол ақшасыз тәсілмен ғана (Банк кассаларынан фунт стерлингте ақша алу және толықтыру қарастырылмаған).

Шетелде жүрген кезіңізде карточкаңызды жоғалтып немесе ұрлатып алсаңыз, онда Сіз Клиенттерді қолдау қызметіне жүгіне аласыз, ол қызмет кез келген уақытта карточкаңызды бұғаттап, қолма-қол ақша беру мүмкіндігін ұсынады.

Байланыс деректері төлем жүйелері сайтында көрсетілген:

ЖҚЕ айыппұлдарын төлеу

ЖҚЕ бұзған үшін айыппұл төлеу сол жерде POS-терминалдар арқылы жүзеге асырылады

ForteBank Қазақстан қалаларының Ішкі істер департаменттерімен бірлесіп, Банктің заманауи тасымалды  POS-терминалдары арқылы Жол қозғалысы ережелерін бұзған үшін әкімшілік айыппұлдарды бірден сол жерде қолма-қол ақшасыз төлеу мүмкіндігін ұсынады.

Неліктен айыппұлдарды POS-терминалдар арқылы сол жерде төлеген дұрыс?

  • Ақша үнемдеу (айыппұлды бірден төлегенде, 50% жеңілдік ұсынылады)
  • Уақыт үнемдеу (ХҚКО немесе банкке барудың қажеті жоқ)
  • Комиссиясы азырақ (айыппұл сомасынан небәрі 1,5%)
  • Күйзеліс азырақ болады (кассаға кезекте тұрмайсыз)
  • Заманға сай (барлық дамыған елдерде бұл жүйе жақсы жұмыс істейді)
  • Барлығы үшін оңай (бұл сіз үшін де, мемлекеттік органдар үшін де ыңғайлы)

Қатысушы қалалар: Астана, Атырау Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Орал, Өскемен, Екібастұз.
Қалалар тізімі жаңартылып отырады, сайтымызды бақылап отырыңыз...

Ақы төлеу үшін не қажет?

  • Оң қалдығы бар Visa немесе Master Сard төлем карточкасының болуы
  • Полиция қызметкерінде айыппұл төлемін қабылдайтын POS-терминалдың болуы
Толығырақ 7575 нөмірі арқылы білуіңізге болады, қоңырау соғу тегін.
Басқа
карталарды қараңыз
Classic
Classic
Gold
Gold
Platinum
Platinum
Premier
Premier